Ақша айырбастау орындарында доллар 453 - 458 теңгеден саудаланып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453- 458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,5– 456,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 454 – 458 теңге аралығында құбылып тұр.

27 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 42 теңгеге қымбаттап, 458, 63 теңге болған.

Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 458, 87 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,00 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,75 – 6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,83 - 5,92 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар