Ақша айырбастау орындарында доллар 441- 447 теңгеден сатылып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441- 447 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 – 445 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 442 – 447 теңге аралығында құбылып тұр.
9 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 63 теңгеге қымбаттап, 441, 16 теңге болған.
Ұлттық банктің 10 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 441, 12 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,82 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,7 - 5,77 теңгеден сатылуда.


Соңғы жаңалықтар