Ақша айырбастау: доллар 477 - 483 теңгеден сатылып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 477 - 483 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477,5 - 481,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы 479 - 483 теңге аралығында құбылып тұр.

12 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,69 теңгеге қымбаттап, 477,92 теңге болған.

Ұлттық банктің 13 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 477,89 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,05 теңгеге арзандап, 7,49 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,85 - 7,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар