+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

АҚШ жазушысы Жефф Киннидің балаларға арналған «Wimpy Kid» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

2020 жылғы 26 тамыз 12:59
Бөлісіңіз:
АҚШ жазушысы Жефф Киннидің балаларға арналған «Wimpy Kid» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлемнің жетпіске жуық тіліне аударылған, балаларға арналған ең атақты комикс-романдардың бірі «Тентек балақайдың күнделігі» («Wimpy Kid») қазақ тілінде жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эразмус+ және Темпус жобалары біздің білім беру жүйемізді өзгертті – Шайзада Тасболатова Өзбекстанда үш жылда 48 жаңа университет ашылды Еліміздегі білім сапасы еуропалық стандарттармен сәйкес келеді – ҚР БҒМ

АҚШ жазушысы, суретші Жефф Кинни жазған бұл кітапты қазақстандық «Steppe & WORLD Publishing» баспасы шығарды.

Баспа өкілдерінің айтуынша, кітапты қазақ және ағылшын тілдерінде оқуға болады, яғни бір басылымда екі тілдегі нұсқа қатар беріліп отыр.

«Балалар планшет пен телефоннан айрылмайды, кітаптан қашады. Соның кесірінен бойында психологиялық теріс өзгерістер болып жатады. Мұны құмарлыққа теңер едім. Көп ата-ана балаларына кітап оқудың пайдасын түсіндіре алмай қиналады. «Тентек балақайдың күнделігі» комикс-романы осындайда жақсы көмекші болмақ. Бұл еңбекті балалар сүйсініп оқиды және басқа кітапты оқуға деген құлшыныс пайда болады. Ал түпнұсқа мәтіннің қатар берілуі ағылшын тілін жақсартады», - дейді баспа басшысы Райса Қадір.

Сонымен қатар, ол кітап авторы Жефф Кинни Қазақстанға келуге ниетті екенін айтты.

«Алдағы уақытта авторды арнайы шақырып, оқырмандарға ерекше кеш сыйлаймыз деп үміттенемін», - дейді баспа басшысы.

«Тентек балақайдың күнделігін» қазақ тіліне аударған – Нәркез Берікқазы. Редакторы – Назгүл Қожабек.

Кітаптың бас кейіпкері – қарапайым оқушы Грег Хеффли. Ол басынан өткен алуан түрлі қызық оқиғаны күнделік ретінде жазып жүреді. Грегтің суреттегенін оқыған әр бала өзін таниды, сабақ алады.

«Мәтіні жеңіл, суреттері тартымды, кейіпкерлерінен балалық аңғалдық пен тазалық лебі есіп тұрған кітапта әр оқушының басынан өтетін, ата-анамен, мұғалімдермен, сыныптастармен арадағы қатынас, жақсы мен жаманның байыбына бару, барды бар, жоқты жоқ деп түсіну эволюциясы сипатталған», - дейді Райса Қадір.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT