USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея БҰҰ ҚК-нің шұғыл отырысын шақыруды талап етті

2017 жылғы 13 ақпан 07:24
Бөлісіңіз:
АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея БҰҰ ҚК-нің шұғыл отырысын шақыруды талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея КХДР-дың ракета ұшыруына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АҚШ Жапониямен және Оңтүстік Кореямен бірге КХДР-дың 12 ақпан күні баллистикалық ракетаны жіберуіне байланысты шұғыл консультация өткізуді талап етті», - деп хабарлады америкалық миссияның өкілі.

Рейтер агенттігінің мәліметінше, БҰҰ ҚК отырысы дүйсенбіге жоспарлануда.

Жексенбі күні КХДР әрекет ету радиусы орташа "Пуккыксон-2" ("Темірқазық-2") баллистикалық ракетасын сынады. Кореяның Орталық телеграфтық агенттігінің хабарламасын келтіре отырып Рёнхап-тың хабарлауынша, «жер-жер» санатындағы аталмыш стратегиялық зымыран сынақтан сәтті өтті.

2006 жылдан бері Пхеньян бес ядролық сынақ және ракеталық ұшырылымдардың сериясын іске асырды.

12 ақпан күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT