АҚШ-тың жаңа қорғаныс министрі қызметіне кірісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрынғы армия подполковнигі Марк Эспер сейсенбі күні Ақ үйде өткен салтанатты рәсімде АҚШ-тың жаңа қорғаныс министрі ретінде ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Fox News агенттігіне сілтеме жасап.


Эспер Джеймс Мэттис өткен жылдың желтоқсанында отставкаға өтініш білдіргеннен кейін Пентагонның бірінші тұрақты басшысы болды.

Эспер Парсы шығанағында Ирак аумағындағы соғысқа қатысқан. Тұрақты әскерде 10 жыл және Ұлттық гвардия мен армия резервінде 11 жыл қызмет етіп, қазіргі тағайындауға дейін министр міндеттерін атқарып келді.

Жоғарғы соттың судьясы Самуэль Алито одан ант қабылдады.

Сенат Эсперді сейсенбі күні дауыс беру арқылы осы қызметке бекітті. 90 сенатор Эспердің кандидатурасына дауыс берсе, сегіз адам қолдаған жоқ.

The New York Times баспасының жазуынша, Эспер 1,3 млн әскери қызметшісі бар әскерді басқарады.

https://www.nytimes.com/2019/07/23/us/politics/mark-esper-secretary-defense.html

Айта кеткен жөн, 2019 жылғы АҚШ-тың әскери бюджеті 716 млрд долларды құрайды.

Соңғы жаңалықтар