АҚШ-тың жаңа Елшісі Қазақстанға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында тағайындалған АҚШ Елшісі Джордж Крол сейсенбі күні Астанаға келді, деп хабарлайды Құрама Штаттардың Қазақстандағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.

«Елші Джордж Крол Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшісі ретінде 2015 жылдың 8 қаңтарында ант берді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырудың рәсімін тағатсыздана күтіп отыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Джордж Крол үш жарым жыл Америка Құрама Штаттарының Өзбекстандағы Елшісі болып қызмет атқарған. Елші Крол жоғары буындағы дипломатиялық қызметтің кеңесші-елші дәрежесіндегі кадрлық дипломаты болып табылады. Жақын уақытқа дейін ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша Бюросында Мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары міндетін атқарып келді. Джордж Крол дипломатиялық қызметке 1982 жылы түсіп, 2003-2006 жылдар аралығында Америка Құрама Штаттарының Беларусьтегі Елшісі қызметін атқарды. АҚШ-тың Варшава, Нью-Дели, Мәскеу, Киев, Минск қалаларындағы Елшіліктерінде және Санкт-Петербордағы Бас консулдықта, сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ресей істері бойынша Бюросының директоры және жаңа тәуелсіз мемлекеттер бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшінің аға көмекшісі болған. Бұдан бөлек, ол Ұлттық әскери колледжде сабақ беріп, АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары басқарушы құрамы үшін семинарға қатысқан. Елші Крол көрнекті еңбегі үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің бірнеше құрмет наградаларын алған. Джордж Крол - Гарвард, Оксфорд университеттерінің түлегі.

Соңғы жаңалықтар