АҚШ-тың Юта штатында ату жазасы қайта ендірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Юта штатында өлім жазасына кесілгендерді атып өлтіруге қайта рұқсат етілді. Ең ауыр үкімнің мұндай тәсілмен орындалуына егу арқылы жүзеге асатын қажетті препараттардың жетіспеушілігі себеп болған, деп жазады Росбалт.

Дүйсенбі күні штат губернаторы Гэри Херберт аталған заңға қол қойды.

Өлім жазасын екпе арқылы орындауға қажетті препараттардың жетіспеушілігі себеп болған. Нақтырақ айтқанда, еуропалық өндірушілер дәріні адам өлтіру мақсатында жеткізуден бас тартып отырған көрінеді.

Құқық қорғаушылар жергілікті биліктің бұл шешіміне наразылық танытты. Олар ату жазасын рақымсыздық деп атады.

Соңғы жаңалықтар