АҚШ-тың орталық штаттарында жойқын торнадо жүріп өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың орталық штаттарында жойқын торнадо салдарынан Кентукки штатында кем дегенде 70 адам қаза тапқан, Иллинойсте опырылған қоймада ондаған адам қалды, ал Арканзастағы қарттар үйінде үйінді астында екі адам қаза болып, 20 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ел президенті Джо Байден ең қатты зардап шеккен аймақтарға дереу шұғыл көмек жіберуді бұйырды, деп хабарлады Ақ үйде өткен брифингте.

Твиттерде президент «табиғи апат соққысынан жақындарынан айырылу – ең үлкен қасірет» екенін мәлімдеді.

«Бұл – штатымыздың тарихындағы ең жойқын торнадо. Зілзаланың салдарынан Грейс аймағында, басқа жерлерде не болып жатқанын көргендер оны сөзбен айтып жеткізе алмайды. Мұндай қиратуды ешқашан көрген емеспін. Өнеркәсіп ғимараттары құлаған, шатырлар ұшты, ағаштар тамырымен жұлынған, жүк көліктері ауада ұшып, жерге құлаған», - деп мәлімдеді Кентукки штатының губернаторы Энди Бешир.

Бешир торнадо салдарынан зардап шеккендер саны күн соңында 100 адамға жете алатынын жоққа шығарнмайды.

Штатта төтенше жағдай режимі енгізілген, оның салдарын жою мақсатында Ұлттық гврдия бөлімшелері жұмыс атқаруда.

Торнадо салдарынан ең қатты зардап шеккен Мэйфилд қаласының тұрғындары болған оқиғаны көптонналы бомбаның жарылуымен салыстырды.

Бүкіл қала электр жарығынсыз қалған.


Соңғы жаңалықтар