АҚШ-тың мобильдік операторлары 5G желілерін сынақтан өткізуге дайындық жүргізуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық мобильдік байланыс операторлары 2016 жылдың соңына қарай 5G желілерін сынақтан өткізе бастайды, деп хабарлайды Engadget порталы.

Атап өткенде, АҚШ-тағы ең ірі операторлардың бірі AT&T-дің Intel бірлестігі және Ericsson компаниясымен ынтымақтастық аясында 5G желісін Техас астанасы Остин қаласында іске қосылатыны белгілі болды.

Болашақ желілердің өткізу қабілеті LTE-ға қарағанда ондаған, тіпті жүздеген есе жоғары болып, ал секундына гигабайттарды жүктеу мүмкін болмақ.

AT&T операторының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Джон Донованның ойынша, желілердің жаңа буыны виртуалдық шындық, «Заттар ғаламторы», 4К видео, роботтар мен өздігінен басқарылатын автомобильдердің енгізілуі мен таратылуына септігін тигізеді.

AT&T-дан басқа, 5G желісін АҚШ-тың басқа ірі операторы - Verizon да игере бастауды қолға алмақ. Алайда, мамандардың атап өтуінше, сынақтардың 2018 жылдың ортасына дейін жалғасуы себебімен 5G әзірге ертеңгі күннің ісі болып қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар