АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 20 трлн долларға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қарыздарының көлемі 20 трлн долларға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА usdebtclock.org-ке сілтеме жасап.

Аталған ақпаратқа сәйкес, 12 қыркүйек, сейсенбі күнгі таңертеңгі жағдай бойынша АҚШ-тың мемлекеттік қарызының көлемі 20 трлн 164 млрд 480 млн долларға жетті.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Конгреспен бекітілген бюджетіне қол қойған болатын. Аталған құжат қарыз шегін 8 желтоқсанға дейін көтереді. Бұған дейін Дональд Трамп мемлекеттік қарыз шегін жою қажеттілігін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар