АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «С5+1» форматындағы министрлер кездесуінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейге қарсы салынған санкциялар Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, біз елдерге салынған санкциялардың салдарын көріп отырмыз. Дегенмен біз өзгенің есебінен санкция зардабын тартып жатқан елдердің кәсіпорындары мен компанияларына арнайы лицензиялар береміз. Біз жаңа логистикатық мүмкіндіктерді, экспорттық нарықтарды іздейміз. Біз Орталық Азия елдеріне жаңа серіктестер мен жаңа мүмкіндіктер ашу жолында бар күшімізді саламыз. Сонымен қатар, серіктес мемлекеттермен жұмыс істейміз және жаңа сауда әлеуетін дамыту үшін «С5+1» форматына қатысушы елдерге қолдау көрсетеміз», - деп тоқталды АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

Сонымен қатар баспасөз брифингіне Энтони Блинкен әлемдік мәселелерді шешуде Қазақстанның өзіндік ерекше орны бар екенін атап өтті.

Осыған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет келетінін хабарлаған едік.

АҚШ өкілі Қазақстанға келісімен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады.


Соңғы жаңалықтар