АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ташкентке барды

None
None
ТАШКЕНТ. UZA.UZ – ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Өзбекстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат осы елдің uza.uz сайтына сілтеме жасап.

Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда мәртебелі қонақты Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм мен өзге де ресми тұлғалар қарсы алды.

Екі күндік сапары барысында АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Өзбекстанның Сыртқы істер министрінің арасында екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Майкл Помпео мен Абдулазиз Камилов 2018 жылдың мамыр айында Вашингтонда жоғары деңгейде өткен өзбекстандық-америкалық саммит барысында қол жеткізген келісімдердің жүзеге асырылу барысын талқылап, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Майк Помпео 3 ақпан күні Ташкентте «Орталық Азия – АҚШ» («C5+1») форматында өтетін министрлер кездесуіне қатысады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда болған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын.

Сонымен қатар АҚШ өкілі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.



Соңғы жаңалықтар