АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Америка Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Уильям Мозер мырзаны Қазақстандағы АҚШ Елшісі ретінде ант беріп, лауазымына кірісуімен құттықтаймын. Таяу уақытта оның келуін күтеміз», - делінген Елшіліктің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратта.null

Уильям Мозер әр жылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары, АҚШ-тың Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ, Молдовадағы елші болған.

null

Соңғы жаңалықтар