АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Кэролайн Сэвидж аруларды қазақ тілінде құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың еліміздегі бас консулы Кэролайн Сэвидж Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық әйелдер күнін қалай атап өтпексің? Адам баласына екінші өмір сыйладын ба? Әлде шешілмеген жайттың шешімін бүгін табасың ба? Өз арманыңа бір қадам жақындайсың ба? Әлемге қажет вакцина жасап шығару ойыңда бар ма? Мүмкін оқушыларыңның ішінен данышпанын табарсың? Керемет жанға өмір сыйламақ ойың бар ма? Жаңа креативті идеяны іске асырасың ба? Риэлтор күні бүгін ғана деп кім айтты? Сенің әр күнің мейрам, әр күн ол жаңа мүмкіндік. Өз арманыңа еру мүмкіндігі. Әйелдер күні жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат «Non stop». Әр күнді қалай өткізетінің өз еркіңде. Олай болса мерекені бастаймыз ба?», - деп бөлісті Кэролайн Сэвидж әлеуметтік желіде.


Соңғы жаңалықтар