+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

АҚШ-тың Калифорния штатындағы атыс кезінде екі адам мерт болды

2020 жылғы 28 маусым 15:20
Бөлісіңіз:
АҚШ-тың Калифорния штатындағы атыс кезінде екі адам мерт болды

САКРАМЕНТО. ҚазАқпарат – Калифорния штаты Ред-Блафф қаласындағы Walmart сауда желісінің сұрыптау орталықтарының бірінде атыс болып, соның салдарынан 2 адам қаза тауып, төрт адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада 4 жастағы сәби екі қабатты тұрғын үйдің баспалдағынан құлап кетті Атырауда ауылдастар арасында туындаған жанжал кісі өліміне себепші болды Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала дарияға батып кетті

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз адам сұрыптау орталығының ғимаратын төрт рет айналып шығып, кіреберісті көлікпен соғып, қиратқан. Содан кейін қылмыскер автокөліктен шығып, жартылай автоматты винтовкамен ғимарат ішінде болған қызметкерлерге оқ жаудырған.

Куәгерлер шамамен 60 мәрте оқ даусын естігендерін айтады. Қызметкерлер үрейленіп, шабуылдаушының оғына ілігіп кетпес үшін ғимараттан қашып шығуға тырысқан.

Жергілікті полиция шабуыл жасаған адамды атып үлгерді. Кейінірек ол ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Ред-Блаффтағы Әулие Елизавета қоғамдық ауруханасына зардап шеккен алты адам жеткізілді. Екеуі қаза тапты, қалған төртеуінің жағдай қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Оқ атқан адамның жағдайы белгісіз. Ауруханадағылар оның жараланғанын немесе мерт болғанын хабарламады.

Walmart компаниясы бұл оқиғаға қатты қайғырып отырғандарын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта біз қызметкерлеріміз бен олардың отбасына қолдау көрсетуге тырысып жатырмыз. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, біз олармен байланыста болып, көмектесеміз», - делінген компания мәлімдемесінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT