АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық комиссиясы ҚР Президенті бастамаларын оң бағалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы әлемдегі діни бостандыққа қатысты ахуал туралы дәстүрлі баяндамасын жариялады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарпат.

Комиссияның 2020 жылдағы әлемдегі діни бостандыққа қатысты ахуалға арналған баяндамасында оң өзгерістер туралы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың діни бостандық саласын жақсарту бойынша бастамалары жазылған.

«19 қарашада Комиссия төрағасы Надин Маенза мен оның орынбасары Нури Туркель «Қазақстан Республикасының визуалды ақпарат және діни қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына жасалған биылғы қарашадағы түзетулерге ресми түсіндірме жолдады.

Комиссия төрағасы Надин Маенза және оның орынбасары Нури Туркельдің атынан жолданған хатта діни сенім еркіндігі саласындағы реформаларға тұрақты бейілдігі үшін еліміздің Үкіметіне ризашылық білдірілген. Бұл діни қызметті реттеу мәселесіне қатысты ұсынылған түзетулерді шолып, қайта қараған кезде еліміздің бейілділігі тағы да нақтыланды», - деп жазады Б.Уәли.

Хат мазмұнында: «Қабылданып жатқан реформаларға уақыт қажет екенін мойындай отырып, қазіргі заңнамаға енгізілмеген мәселелерді шешу ісін қоса алғанда, біз, сіздердің ниеттеріңіздің түзу екеніне сенімдіміз. Ұсынылған түзетулер жобасы нақты ілгерілеуді білдіреді. Ал бұл жобалардың жақында қайта қаралуы Комиссияның, АҚШ үкіметіндегі әріптестеріміздің және азаматтық қоғамның көтерген мәселелерін қарастыруда Қазақстан үкіметінің шынайы күш жұмылдырғанын көрсетеді», – делінген.

Сонымен қатар түсіндірмеде Қазақстан мен АҚШ арасындағы Діни бостандық жөніндегі сараптама жұмыс тобының алдағы отырыстары барысында діни сенімді кемсітушілікті қылмысқа санау және оны міндетті тіркеу мәселелері бойынша бірлескен диалогты жалғастыруға ұмтылатыны айтылған.

Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі мен Комиссия арасындағы жұмыс қатынастарына жоғары баға берілген.


Соңғы жаңалықтар