АҚШ-тың Энергетика министрі шілдеде Қазақстанға келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың шілде айында Қазақстанға АҚШ Энергетика министрі Эрнест Мониз келеді. Бұл туралы Астана қаласындағы АҚШ Елшілігінде өткен брифингте АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол хабарлады.

Дипломаттың айтуынша, 2015 жылдың соңында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Калифорния штатына сапар жасап, американдық әріптестермен келіссөздер жүргізді.

2016 жылдың шілдесінде АҚШ Энергетика министрі Эрнест Мониздің жауап сапары өтеді. Тараптар энергетика саласындағы қазақстандық-американдық ынтымақтастықты талқыламақ.

Елші Дж. Крол сондай-ақ ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР-ына АҚШ Сауда министрінің орынбасары басқарған делегация келетінін да айта кетті. Сондай-ақ алдағы уақытта АҚШ пен Орталық Азияның «5+1» стратегиялық диалогы форматындағы ведомствоаралық кездесулер жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар