АҚШ-тың экс-президенті Рейганның үйі $6,45 млн сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейганның Лос-Анджелестің  Литтл-Холмби ауданындағы үйі $6,45 млн сатылды. Бұл туралы жұма күні Los Angeles Times газеті хабарлады.

Басылымның дерегі бойынша, екіқабатты ғимараттан жасалған резиденция 1938 жылы салынған. Рейган бұл үйді 40-шы жылдары сатып алып, бірінші жұбайы, актриса Джейн Уайманмен бірге өмір сүрген. 1949 жылы екеуі ажырасқаннан кейін үй жұбайына қалған. Актриса бұл үйде екінші күйеуімен де тұрған. Алайда, газетте 2007 жылы Уайман көз жұмғаннан кейін резиденцияны кім иеленгені жазылмаған.

Үй осы жылдың маусымында $7 млн сомаға сатылымға шығарылған. Кімнің сатып алғаны хабарланбаған.

Рональд Рейган - америкалық саяси және мемлекет қайраткері. АҚШ-тың 40-шы президенті (1981-1989).

Соңғы жаңалықтар