АҚШ-тың экс-бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буштың әйелі Барбара Буш 92 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды USA Today.

Буштар отбасының ресми өкілі Джим Макграт Буш ханымның қайтыс болғаны туралы Туиттерде хабарлаған. 

USA Today-дің таратқан хабарларына қарағанда, Барбара Буш жүрек жетіспеушілігі және өкпе ауруларынан зардап шеккен.

Макграт бұрынырақта Буш ханым денсаулығының нашарлауына қарамастан дәрігердің көмегіне жүгінбестен, соңғы күндерін отбасымен өткізген. Оның артында алты баласы, 17 немересі, жеті шөбересі қалды.

АҚШ-тың бұрынғы президентінің әйелі, АҚШ-тың тағы бір бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың, Флорида штатының губернаторы Джеб Буштың анасы алдағы сенбі күні жерленеді.

Барбара Буш АҚШ бірінші ханымы ретінде ерекше танымал болған. Сауалнамалар оның, тіпті, 1989-1993 жылдары президент болып отырған күйеуінен де танымалырақ екенін көрсеткен.

Los Angeles Times-тің хабарлауынша, кіші Джордж Буш анасы Барбара Буш екендігі оның өмірінде шешуші мәнге ие болғанын айтқан.

Соңғы жаңалықтар