АҚШ-тың Джорджия штатында атыс болды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Саванна қаласында (Джорджия штаты) жұма күні болған атыс салдарынан екі адам мерт болып, тағы жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат WJCL телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында полиция бөлімшесінен бірнеше орам қашықта болған. Жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің арасында екі жасар сәби мен 13 жасар жасөспірім бар.

Полиция күдіктілерді іздестіруде, атыстың ықтимал себебі туралы ақпарат әзірге жоқ.

Соңғы жаңалықтар