АҚШ-тың бұрынғы елшісі Джордж Крол дипломатиялық қызметтен кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Джордж Крол  дипломатиялық қызметтен біржола кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Өзбекстандағы АҚШ елшісі Памела Спратлен мәлім етті.

«Дәуір аяқталды, елші Джордж Крол 36 жылғы жұмысынан кейін дипломатиялық қызметпен хош айтысты. Ол Ресейдегі АҚШ-тың дипломатиялық миссиясында істеді, сондай-ақ Беларусь, Өзбекстан және Қазақстанда елші болды. Айрықша қызметі үшін оны құттықтаймын және оған отанымыздағы жаңа өмірінде ең жақсыны тілеймін!», - деп жазды Памела Спратлен Туиттердегі парақшасында. Жазбада екі дипломаттың қатар түскен суреті де жарияланды.

Еске сала кетсек, Қазақстандағы қызметін аяқтаған АҚШ елшісі Джордж Крол әлеуметтік желіде қазақстандықтарды қимайтынын айтып бейнеүндеу жариялаған еді. Елші Астана күніне орай қазақша өлең оқып, бір жолы тіпті қазақтың ұлттық биі - қара жорғаны билеп берді. Дипломат Астанадағы АҚШ елшілігінің ішіне киіз үй тігіп, сонда мәртебелі қонақтарды қарсы алып, қазақ xалқының ұлттық тағамдарын ұсынуды әдетке айналдырған болатын.

Соңғы жаңалықтар