АҚШ-тың бірнеше штатында төтенше жағдай енгізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нэйт» тропикалық дауылының жақындауына байланысты АҚШ-тың Луизиана, Алабама және Флорида штаттарында төтенше жағдай енгізілді, леп хабарлайды ТАСС.

Төтенше жағдай Флориданың 29 округіне, ал Алабама және Луизиана штаттарына толығымен енгізілген.

Миссисипи губернаторы Фил Брайант штаттағы төтенше жағдай қызметтері кез келген жағдайға әзір екендігін жеткізді.

Мәлімдемелерге қарағанда, табиғи апаттардың салдарын жоюға АҚШ Ұлттық гвардиясы да жұмылдырылуы мүмкін, оның мыңдаған жауынгерлері қазірдің өзінде апат орындарына баруға дайын.

Соңғы жаңалықтар