АҚШ-тың батысында ұшақ құлады: төрт адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Айдахо штатының шығысында жеңілмоторлы ұшақтың құлауы салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы дүйсенбі күні Бонневилл округі шерифінің кеңсесі хабарлады.

Ел билігінің жергілікті БАҚ-тарда таратылған баспасөз парақшасында қаза тапқандардың арасында екі әйел мен екі ер адамның болғаны нақтыланады. ТАСС-тың хабарлауынша, ұшақтың апатқа ұшырау себептері анықталу үстінде. Оның толық өртеніп кеткені хабарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар