АҚШ-тың бас консулы Алматының орталық мешітіне барды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы бас консулы Каролин Сэвич Алматының орталық мешітіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бас консул Каролин Сэвич пен көмекшісі, дипломат Самуэл Фантэламен кездесіп, мешіттің діни тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстан ұлт пен ұлысты бөліп жармай, бірнеше дін өкілдерін бір шаңырақ астында тату өмір сүруіне жағдай жасалғанын атап өтті.

«АҚШ-тың консулдық өкілдері Қазақстанның діни тұрақтылық пен келісім негізіндегі саясатын қолдайтынын жеткізді. Каролин Сэвич барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады. Бас имам Төлеби Дәділұлы қазақы салтпен қонақтарға кәдесый тарту етіп, ұлттық дәм ұсынды»,- деп хабарлады Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар