АҚШ-тың аналитикалық және қаржы құрылымдары Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Америкаға ресми сапарының екінші күні Құрама Штаттардың аналитикалық және қаржылық құрылымдары басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АҚШ-тың ірі «ой-талқы орталықтарының» бірі Карнеги Қорының президенті Уильям Бёрнспен болған келіссөздерде тараптар әлемдік саясаттың даму үрдістері, Қазақстан-америка қатынастардың дамуының қазіргі жағдайы және олардың перспективалары туралы пікір алмасты», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.

Карнеги Қоры 1910 жылы құрылған және халықаралық қатынастар саласындағы америкалық көне сараптау-талдау орталығы, оның негізгі міндеті әлем елдері арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

«Ал CITI Group Жаһандық банк бөлімшесінің басшысы Джеймс Миллетпен аталмыш банк құрылымдарының Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. CITI ірі шетел инвесторлардың бірі және Қазақстандағы операциялық лицензиясы бар жалғыз көпұлтты банк. Еліміздегі 26 жыл ішінде CITI халықаралық қаржы нарықтары арқылы елімізге инвестицияларды белсенді түрде тартты», - деді сыртқысаясат ведомствосынан.

Соңғы жаңалықтар