USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штаммы анықталды

2021 жылғы 4 желтоқсан 10:57
Бөлісіңіз:
АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штаммы анықталды

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Коронавирустың омикрон штаммын жұқтыру жағдайлары Американың 50 штатының кемінде 10 штатында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 12 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды Өткен тәулікте 124  адам коронавирус пневмониясына шалдыққан Өткен тәулікте 2236 адам коронавирус індетінен сауықты

Басылымның жазуынша, омикрон штаммын жұқтыру жағдайларының көпшілігі Африканың оңтүстігінен келген пациенттерден анықталған. Алайда кемінде екі штаттан - Гавайи мен Миннесотада короавирустың жаңа штаммы АҚШ-тан шықпаған адамдардан табылған.

АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу федералды орталықтарының сайтында жарияланған статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, елде соңғы бірнеше күнде коронавирус жұқтырушылар саны артқан. Бейсенбі күні АҚШ-та 138,4 мың ауру жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталды. Дүйсенбі күні олардың саны 102 мың болған.

АҚШ-та коронавирустың омикрон штаммын жұқтырудың алғшқы жағдайы сәрсенбі күні Калифорния штатында тіркелді. Жаңа штамм анықталған пациент АҚШ-қа 22 қараша күні ОАР-дан келген. Ол толықтай вакциналанған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT