АҚШ тұрғынын Қытайға ғарыш технологияларын бермек болғаны үшін тұтқындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния тұрғыны Қытайға ғарыш технологияларын заңсыз бермек болғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Reuters агенттігі АҚШ-тың Әділет министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Хабарламада 32 жасар ҚХР тумасы Си Ченнің АҚШ-тың округ сотының алдында жауап беретіні айтылған. Оған мемлекетке қастандық жасап, заңсыз жолмен ақша тауып, жалған мәліметтер берді және жалған төлқұжатты қолданып, көші-қон мәселесі бойынша өтініш берді деген айып тағылып отыр.

Осыған дейін БАҚ өкілдері Қытай басшылығының 2010-2012 жылдар аралығында 18-ден 20-ға дейінгі АҚШ жансыздарын тұтқындағандығын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар