АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар ұтып алды

МИЧИГАН. ҚазАқпарат - АҚШ тұрғыны лотереядан миллиард доллар джекпот ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бір миллиард долларлық номиналды джекпотты (қолма-қол ақшамен 739,6 миллион) Мичигандағы бақытты билет иесі алады. Бұл – 22 қаңтарда түскен барлық алты нөмір 4, 26, 42, 50 және 60 нөмірлі ақ шарлар, сондай-ақ 24 алтын «мега-шар» сәйкес келген жалғыз билет», — делінген лотерея сайтында.
Ұйымдастырушылар бұл ұтыс лотерея тарихындағы екінші ірісі екенін атап өтті. Бұған дейін 2018 жылы Оңтүстік Каролина штатында 1,5 миллиард долларлық ұтыс билеті сатылған болатын. Associated Press агенттігінің мәліметінше, Мичиган тұрғынының ұтысы АҚШ тарихындағы үшінші ірі лотерея жүлдесі болып табылады. 21 қаңтарда агенттік Мэриленд штатында Powerball лотерея билетін сатып алған АҚШ тұрғыны джекпотты жыртып тастаған, оған қарамастан ол 731 миллион доллардан астам қаражат иесі бола алады деп хабарлады. Билет иесі 29 жыл ішінде 30 төлеммен аударылатын 731,1 миллион доллар мен 546,8 миллион доллар бір реттік төлем арасында таңдау жасай алады.
- Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды
- Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды
- Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
- Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды
-
Лионда бомбаны залалсыздандыру үшін 4,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды
-
Ақсай қаласында екі автокөлік түйісіп, жүргізуші ауруханаға түсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам