АҚШ тұрғыны лотереядан 768 миллион доллар ұтып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Американың Висконсин штатының тұрғыны Мануэль Франко ел тарихындағы ең ірі ұтысқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

The Epoch Times басылымының жазуынша. ол лотереядан 768 млн доллар ұтып алды. Ережеге сәйкес, жас жігіт бұл ақшаны 29 жыл бойы бөліп-бөліп ала алады. Алайда, ол ұтыстың бір бөлігін садақа ету туралы шешім қабылдап, қалған соманы бірден алуды көздеп отыр.

Жеңімпазға 477 млн доллар бұйырады. Сондай-ақ ол 114,5 млн доллар көлемінде федералдық салық төлеуге міндетті.

Соңғы жаңалықтар