+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

АҚШ тұрғыны «коронавирус» лотереясынан бір млн доллар ұтты

2021 жылғы 27 мамыр 14:06
Бөлісіңіз:
АҚШ тұрғыны «коронавирус» лотереясынан бір млн доллар ұтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Огайо штатында тұратын әйел коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ойнатылған лотереяның жеңімпазы атанды. Ол бір миллион АҚШ долларын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Business Insider-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Порталдың мәліметінше, Цинциннати қаласына жақын орналасқан Сильвертонда тұратын Эбигейл Бугенске лотереяның алғашқы жеңімпазы атанса, мектеп оқушысы, Энглвуд тұрғыны Джозф Костелло болашақ оқуының толық төлемін ұтып алған. Жеңімпаздың екеуі де кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталғанын атап өту керек. Лотереяға 2,7 миллионнан астам адам қатысқан.

Лотерея ережесі бойынша, ең болмағанда бір екпе алған адамдар қатысушылар тізіміне автоматты түрде кіреді. Екпе алғандар арасында миллион доллар апта сайын 23 маусымға дейін ойнатылады. Жалпы алғанда, он адам жүлде алады: бес ересек және бес жасөспірім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT