АҚШ тұрғыны кеменің елесін видеоға түсіріп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Ұлы көлдерінің бірінде беймәлім нысан бейнетаспаға түсіп қалды.

10 қазан күні YouTube желісінде жарияланған жазба 600 мыңнан астам қаралым жинады, деп жазды Лента.ру.

Бейнероликті Мичиган штатының қолданушысы Джеймс Асселин жариялады. Видео бір минутқа созылады және автор тылсым нысанның көз алдында жоғалып кеткенін айтады.

Кейбір интернет-пайдаланушылар ролик авторына алдамшы көрініс елестеуі мүмкін деген теорияны алға тартқан. Ал бірқатары камера елес-кемені түсіріп алғанын жазды. Ұлы көлдердегі Кемелер апаты қоғамының мәліметтеріне сәйкес, Жоғарғы көл түбінде 550 кеменің қирандылары жатыр. Жалпы Ұлы көлдерде алты мыңнан астам кеме су астына кеткен.  

 

Соңғы жаңалықтар