АҚШ тұрғындары аспанда метеор жарылу сәтін тамашалады

None
None
КОЛОРАДО. ҚазАқпарат – Метеор 29 шілде түнінде Колорадо штатының Джефферсон округіндегі Голден қаласының аспанында жарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат theknow.denverpost.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Голден аспанында жарылған метеор видеосы сейсенбі күні кешке Reddit пен Twitter-де жарияланған.

Колорадо университетінде планетарий директоры Джон Келлер бұл ұсақ бөліктер – метеорларға ыдырап, атмосферада жарқ етіп жанған метеорит екенін айтты. Оның айтуынша, метеорит құлап бара жатқан жасанды жерсеріктің бөлігіне айналу үшін тым жылдам қозғалған. Нысанның күн жүйесінің басқа бөлігінен түсуі де әбден мүмкін.

Келлер бұл нысан «болид» - яғни жарқын метеор деп аталатынын айтты. Олардың жарылуы жиі болып тұрады. Келлер жарқ еткен метеордың көлемі бір метрден сәл аздау болған деп санайды.

Егер бұл нысан жерге дейін жетсе, ол метеорит болып саналатын еді.


Соңғы жаңалықтар