АҚШ тұрғындары арасында тіркелмеген қаруға сұраныс артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америка тұрғындарының арасында тіркелмеген қару-жараққа сұраныс артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта халық қолында түрлі қарудың 500 млн бірлігі бар. Олардың саны жыл сайын тағы 18-20 миллионға артып отырады.

АҚШ тұрғындары қару-жарақты, соның ішінде тіркелмеген қаруды көптеп сатып алып жатыр.

Алкоголь, шылым, қару-жарақ және жарылғыш заттар жөніндегі бюро мәліметінше, 2020 жылы американың қару өндірушілері 11,3 млн атыс құралын шығарған. Бұл 20 жыл бұрынғы көрсеткіш – 3,9 млн бірліктен үш есеге көп.

Құқық қорғау органдары да онлайн тапсырыс беруге болатын тіркелмеген қаруға деген үлкен сұранысқа алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл ретте, сатып алушының биографиялық деректері еш тексерілмейді. Бұл қызығушылықтың арту себебі, биылғы тамыз айынан бастап өндірушілер қолдан жасалған полимерлі пистолеттерге сериялық номер соғуға міндеттеледі. Қазіргі уақытта атыс қаруының аталған үлгісінде тіркеу мәліметтері жоқ. Ал бұл қылмыс жасалғаннан кейін тергеуді қиындатады.

Биыл Нью-Йоркте былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелмеген қаруды тәркілеу көрскеткіші 300 пайыздан астамға ұлғайды.

Еске салайық, жуырда Висконсин штатының Расин қаласында зират басына жиналған бір топ адамға қарсы оқ атылған болатын.

Сондай-ақ Оклахома штатының Талса қаласында ауруханадағы атыстан бес адам қаза тапқан еді.

Ал Ұлттық мереке күні АҚШ-та жаппай атыстың 14 оқиғасы болып, көптеген адам ажал құшты.

Мамыр айының соңында Техас штатының Робба қаласындағы бастауыш мектепте атыс салдарынан 19 бала мен 2 ересек адам мерт болды.


Фото: russiaedu.ru

Соңғы жаңалықтар