АҚШ теннис қауымдастығы US Open турнирінің өткізілуіне қатысты мәлімдеме жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ теннис қауымдастығы (USTA) US Open турнирінің өткізілуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды olympic.kz.

«USTA-ның басты мақсаты – 2020 жылғы US Open турнирін жоспарланған уақытында Нью-Йоркте, көрермендердің қатысуымен өткізу. Алайда, COVID-19 індетінің кең белең алуына байланысты өзге де мүмкіндіктерді, соның ішінде жарысты көрерменсіз өткізуді қарастырып жатырмыз. Турнирдің ауыстырылуына қатысты сыбыс та көп. Бірақ бұл біздің бастапқы міндетіміз емес екендігін айтқымыз келеді, десе де біз түрлі нұсқаларды қарастырудамыз. Жарыс кезінде қатысушылардың денсаулығына нұқсан келтірмеу біздің басты міндетіміз саналады. Шешім 6-8 аптадан кейін, маусым айының ортасында қабылданады», - делінген мәлімдемеде.


Соңғы жаңалықтар