АҚШ татулыққа ұмтылады - Дональд Трамп

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Ирактағы америкалық әскери базалардың атқылануына байланысты халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дональд Трамп өзінің 9 минуттық жолдауында ракета шабуылынан АҚШ әскерилері зардап шекпегенін атап өтті. Соған қарамастан Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы жаңа қатаң санкциялар енгізеді.

Тегеран ядролық амбицияларынан бас тартып, терроризмге қолдау жасағанды доғаруы тиіс, деп мәлімдеді АҚШ көшбасшысы.

«Иран халқы мен басшылығына мынаны айтқым келеді: Біз сіздердің болашағыңыз жарқын болғанын қалаймыз. Сіздер оған лайықсыздар. Мемлекет өркендеп, әлем елдерімен үйлесімді достық қарым-қатынаста болса дейміз. Америка Құрама Штаттары бейбітшілікке ұмтылған әрбір елмен тату болғысы келеді», - деп қорытындылады сөзін Д. Трамп.

Дональд Трамп сөзінің соңында Иранды «ортақ мақсаттар жолында» ынтымақтасып, ДАИШ террористік ұйымына қарсы бірге күресуге шақырды. Оның сөзінше, Иранмен жаңа ядролық келісім жасау керек, ал Ресей мен Еуропа қазіргі келісімнен бас тартуы тиіс.

АҚШ сонымен бірге НАТО-ның Таяу Шығыста әлдеқайда белсенді рөл ойнауын өтінді.

Еске сала кетейік, бүгін Иран АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасын зымыранмен атқылаған болатын.


Соңғы жаңалықтар