АҚШ-тан жеткізілетін үйрек етінен сальмонелла бактериясы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Қазақстанға жеткізілетін АҚШ-тың үйрек еті сынамасынан сальмонелланы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған байланысты, комитет гигиеналық нормативтер мен техникалық регламент талаптарының бұзылғанын хабарлайды.

«Сальмонелла жұқтырылған өнімді тамаққа пайдалану қолайсыз салдарға апарып соғуы мүмкін. Атап айтқанда, Salmonella тектес бактериялар негізінен жүректің айнуын, құсу, әлсіздік, диарея, іштің ауыруын тудырып, асқорыту жолдарын зақымданумен сипатталады, уақыт өте келе адамның жағдайы нашарлауы мүмкін, мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу ұсынылады» делінгенн комитет таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта сауда объектісінен қауіпті өнімді алу бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар жүргізіліп жатыр.

Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04  нөмірі бойынша, сонымен қатар комитетке және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің байланыс деректері kooz.dsm.gov.kz сайтында көрсетілген).

Айта кету керек, бұл үйрек еті Тараз қаласындағы «У. А. Қалымбетова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Береке» дүкенінен алынған.

 

 

Соңғы жаңалықтар