АҚШ-тан келген еріктілер Қарағанды ауылдарында балаларға ағылшын тілін үйретеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы «Жас Отан» жастар қанаты мен «Болашақ» қауымдастығы бірігіп жүзеге асырып жатқан «English for Jastar» жобасына қатысады. Шараға ірі отандық және халықаралық ұйымдар серіктес болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облысымыздың алты ауылдық мектептерінде 12 еріктілер жұмыс істеп жатыр, олар балаларға ағылшын тілін үйретіп жатыр. Олардың екеуі сол тіл иегерлері болып табылады. Гарвардтан келген Кеннет Палмер Осакаров ауданының балаларымен жұмыс істеуде. Ал Нью-Йорктен келген Мириам Гринфилд Нұра ауданының оқушыларын оқытып жатыр.

Қалған 10 еріктілер қарағандылық ЖОО-ның үздік студенттері арасынан таңдап алынды.

- Екі ай аралығында бес жүзден астам ауылдық балалар мен ұстаздар күн сайын сөйлесу клубтарында тілдік тәжірибеден өтеді. Бұрын-соңды ондай болған емес. Ауылдық балалар шет тілі иегерінен тікелей дәріс алып көрмеген, - дейді Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Ерлан Қошанов есептік-сайлау конференция барысында.
null 

Жобаның міндеті - ауылда ағылшын тілін енгізіп қана қоймай, ауыл жастарын бәсекеге қабілетті ету, деп атап өтті ол.

- Бізге ағылшын тілді сайттардан өздеріне қажетті ақпаратты, өз бетінше өнімдерін өткізе алатын нарықты іздеп, таба алатын, жаңа технологияларды енгізетін, әлемді шарлайтын ақылды, алға жылжыған аргарийлер керек емес пе, - деді Ерлан Қошанов.

Аймақ басшысы аталмыш жоба бір реттік қана болып қалмай, жалғасын табатынына үміттенеді.
null 

Соңғы жаңалықтар