АҚШ-тан ірі көлемде есірткі тасымалдаған алматылықтар ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті қаланың Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 қазанда АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алып, жалпы салмағы 648,98 гр марихуана, сондай-ақ 675,65 гр гашиш тасымалдаған Алматы қаласының тұрғындары ұсталды.

«Күдіктілерді тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктілер қамауға алынды», - делінген агенттік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар