АҚШ-тағы табиғат апатынан 7 адам құрбан болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндерінде АҚШ-тың Техас, Мисури, Мисисипи, Арканзас, Алабама, Оклахома және Луизиана штаттарында нөсер жаңбыр жауып, боран соғып, күшті құйын болды, деп хабарлайды ТАСС.

Жексенбі күні табиғаттың дүлей күшінің құрбанына айналғандар саны 7 адамға жетті. Өзгелерге қарағанда, табиғи апаттан Техастың шығысы қатты зардап шекті. Онда өткен тәулікте торнадо 4 адамның өмірін қиды, 50 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Кеңдігі 25 км болатын құйын 56 км аймақты сүріп өтті. «Шығын өте көп. Оқиғаның салдарын көзге елестетудің өзі қорқынышты»,-деді жексенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Далластан 80 км аймақта орналасқан Кантон қаласының мэрі.

Мұнда ауа райының күрделілігіне байланысты оқиғаның салдарымен күрес жұмыстарын тоқтату қажет болды, дейді Ван-Занд (Техас штаты) округінің атқарушы билігінің басшысы Дон Киркпатрик.

«Біз құтқарушылармен бірге жұмыстарды жалғастыруға тырысамыз және торнадо қайталанған жағдайда ол туралы халықты хабардар етеміз»,-деді ол.

Арканзас штатынан әйел азаматтың қайтыс болғаны жөнінде хабар келіп түсті. Оның үйіне желдің күшіне шыдай алмаған ағаш құлаған. Тағы бір азамат Мисисипидің орталық бөлігінде мерт болған. Әзірге қайғылы жағдайдың себеп-салдары айтылмай отыр. Осыған дейін бір адамның Миссури штатындағы нөсер жаңбырдан кейін болған су тасқынының салдарынан көз жұмғандығы айтылған болатын.

Сондай-ақ Оклахома штатында да су тасқынынң салдарынан электр желілері үзіліп, көлік қозғалысы шектелді. Аталған штаттарда төтенше жағдай жарияланды.

Миссури штатының губернаторы Эрик Грейтенс сенбі күні апат болған аймақтарды аралап көрді.

«Мен Миссури тұрғындарының барлығын өткен түнде табиғат апатынан зардап шеккендердің жағдайының оңалуын тілеуді сұраймын. Штаттың барлық аймағындағы тұрғындар жылдамдығы секундына 67,9 метрді құрайтын аяқ астынан болған мықты желдің күшіне тап болды»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар