АҚШ-тағы президент сайлауы: Трамптың алғашқы бәсекелесі пайда болды

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Каролина штатының бұрынғы республикашыл губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болған Никки Хейли 2024 жылғы президенттік сайлауға түсуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Ол – АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен 2024 жылғы президенттік сайлау додасында Республикалық партия атынан таласатын алғашқы үміткер. Сайлауға түсу ниеті туралы ресми мәлімдемесінде Хейли Вашингтонның америкалықтарды бірнеше рет сәтсіздікке ұшыратқанын атап өтті.

«Көшбасшылардың жаңа буынына қаржылық жауапкершілікті қайта алатын, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және біздің мемлекетті, мақтанышымыз бен мақсатымызды нығайтатын уақыт келді», - деді Никки Хейли.

Ол енді Чарльстонда өзінің сайлауалды науқанының басталуына арналған шарада сөз сөйлейді деген жоспар бар.

Алдын ала сайлауда жолы болса, Хейли Республикалық партия президенттікке ұсынған алғашқы әйел және Американың шығу тегі азиаттық алғашқы азаматы болмақ.

Хейли Дональд Трамптың президенттігі кезінде АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарды. Ол іскер әйелдер ұлттық қауымдастығының бұрынғы президенті, алғаш рет 2004 жылы Оңтүстік Каролина Өкілдер палатасына сайланды. Алты жылдан кейін, 2010 жылы штаттың губернаторы болып сайланған алғашқы әйел және 2011 жылы қызметіне кіріскен кезде елдегі ең жас губернатор болды. АҚШ-тың БҰҰ жанындағы елшісі болу үшін екінші мерзімінің ортасында отставкаға кетті.

Бұған дейін Дональд Трамптың президенттік науқанды бастағаны туралы хабарланған болатын.

Фото: Wade Vandervort/AFP/Getty Images


Соңғы жаңалықтар