АҚШ-тағы орман өрті 23 адамның өмірін қиып кетті

None
None
КАЛИФОРНИЯ. ҚазАқпарат – АҚШ-тың батысын шарпыған орман өрті құрбандарының саны 23 адамға жетті. Бұл туралы бейсенбі күні кешке USA Today газеті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, өрт АҚШ-тың батысындағы 12-ден астам штатты шарпыған. Калифорнияда 19, Орегонда 3 және Вашингтон штатында 1 адам көз жұмған.

«Бұрын-соңды болмаған қолайсыз ауа-райы Калифорнияда, Орегонда, Вашингтонда және өзге де штаттардағы орман өртінің төтенше жағдайына әкелді», - деп хабарлайды Айдахо штатында орналасқан Ұлттық ведомствоаралық өрт орталығы.

Бейсенбі күні Орегон билігі өрт салдарынан штаттың 500 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланғанын мәлім етті.

Ұлттық ведомствоаралық өрт сөндіру орталығының қызметкерлері елдің батысындағы өрт салдарынан 3,4 миллион акр (1,375 миллион гектар) жер өртеніп кеткенін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар