АҚШ-тағы қырғын: 20 адам өліп, 100 адам жараланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лас-Вегастағы атыста 20-дан астам адам өліп, 100 адам жараланды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. Бұл жайлы қаланың шерифі Джозеф Ломбардо мәлім еткен.

Оқ жаудырған адам ұсталып, тұлғасы анықталған, ол жергілікті тұрғындардың бірі болып шықты, оны атып өлтірген, бірақ полиция аты-жөнін қазірге құпия сақтап отыр. Атыс әуежайға жақын жердегі қонақүйдің 32-қабатында болған.

Лас-Вегас әуежайы өз жұмысын ішінара жалғастыра бастады, жолаушыларға рейстердің кешігуі мүмкіндігі жайлы хабар таратылды.

Фото: НТВ

Соңғы жаңалықтар