+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі ашаршылық тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды

2021 жылғы 9 маусым 22:48
Бөлісіңіз:
АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі ашаршылық тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Вашингтонда «1930 жылдардағы Қазақстандағы Ашаршылықты еске алу» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО студенттерінің АҚШ-та білім алатын мүмкіндігі бар Калифорнияда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам ажал құшты АҚШ Ирактағы әскери миссиясын жыл соңына дейін тоқтатады

Іс-шараны Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі Джордж Вашингтон университеті (GWU) жанындағы Орталық Азия бағдарламасымен бірлесе ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел аясында Мэриленд университетінің профессоры, Ашаршылық туралы кітаптың авторы Сара Кэмерон, GWU Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Питер Роллберг, қазақстандық саясаттанушы және «Тәуекелдерді бағалау тобының» директоры Досым Сатпаев, GWU жанындағы Еуропалық, ресейлік және еуразиялық зерттеулер институтының директоры Марлен Ларуэль сөз сөйледі.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстан Елшісі Ержан Ашықбаев Ашаршылық трагедиясының ұлт тарихында алатын ерекше орны туралы түсініктеме беріп, бұл тақырыпты қолдан саясиландырмай, оны бірінші кезекте ғылыми тұрғыда кешенді зерттеу қажеттілігіне негізделген ұстаным басым болуы тиіс екеніне ерекше тоқталды.

Ашаршылықтың себептері мен салдарын сипаттай отырып, С. Кэмерон бұл оқиғаларды зерттеуде орыс тіліндегі құжаттармен қатар қазақ тіліндегі дереккөздерді қолданып, оған барынша объективті қарауға мүдделі екенін ескертті. Сонымен бірге аталған тақырыпқа ғылыми қоғамдастықтың қызығушылығы артып келе жатқанын және оны АҚШ-та осындай іс-шара аясында алғашқы рет талқыланып отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Д. Сатпаев өзінің мәдени-ағарту қорының қатысуымен С. Кэмерон кітабының қазақ тілінде жарық көруі Қазақстанның жас ұрпағының ұлт тарихындағы осы қайғылы кезеңді терең түсінуіне үлес қосатынына сенім білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT