АҚШ-тағы ірі банктің банкротқа ұшырауы: Федералды резерв жүйесі қосымша қаражат бөледі

None
Фото: NOAH BERGER/AFP
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ қаржы реттеуіш ұйым банкротқа ұшыраған Silicon Valley Bank салымшыларының дүйсенбіден бастап өз қаражаттарына толықтай қол жеткізе алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар АҚШ Федералды резерв жүйесі банктердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөледі.

«Мен осы мәселеге кінәлілерді толық жауапқа тартуға және бұдан былай мұндай жағдайға тап болмас үшін ірі банктерді қадағалау мен реттеуді күшейтуге бағытталған әрекеттерімізді жалғастыруға ниеттімін», - деді АҚШ президенті Джо Байден.

Silicon Valley Bank банкроттығы туралы осы өткен жұмада белгілі болды. Кремний алқабындағы жетекші кредиторлардың бірі қиындықтарға тап болды. Банк жабылған соң пайыздық мөлшерлеме де өсіп, клиенттерге соққы болып тиді.

Еске салайық, Tesla мен SpaceX-ті басқаратын және Twitter-дің иесі Илон Маск банкротқа ұшыраған Silicon Valley Bank-ті (SVB) сатып алмақшы.


Соңғы жаңалықтар