АҚШ-тағы алапат дауыл: 37 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та "Флоренс" сұрапыл дауылы салдарынан қаза тапқан адамдар саны 37-ге жетті, деп хабарлайды Associated Press (AP) агенттігі.

Табиғи апаттың кесірінен Солтүстік Каролинада шамамен 760 мың, ал Оңтүстік Каролинада 130 мыңнан астам адам электр жарығынсыз қалған. Ауыл шаруашылығына да орасан зор зиян келтірілген. Атап айтқанда, су басуы салдарынан шамамен 3,4 млн тауық және 5,5 мың шошқа қырылып қалған.

Әдетте, жойқын дауыл маусымы Атлантикада 1 маусымнан бастап 30 қарашаға дейін созылады. 

Соңғы жаңалықтар