АҚШ-та жыл сайын аптап ыстықтан 1500-дей адам өледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құқыққорғаушылардың мәліметі бойынша, АҚШ-та аптап ыстық салдарынан жыл сайын 1500-дей адам көз жұмады. Соның жартысына жуығы үй-күйсіз адамдар, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News басылымына сілтеме жасап.

Биыл маусым айының басында басталған аптап ыстық ауа температурасын Цельсия бойынша 45,5 градусқа дейін көтерген еді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 47,7 градусқа жеткен болатын.

2021 жылы тек Аризона штатының өзінде ыстықтан 339 адам көз жұмған, соның 130-ы үй-күйсіз қаңғыбас адам еді.

Ал, Орегон штатында заңды тұлғалар алғаш рет 24 сағат салқындатылып тұратын орталықтар аша бастаған.

Портленд қаласының маңында қаңғыбас адамдардың лагерлеріне су мен балмұздақ таратуға еріктілер командалары тартылған. Бостонда болса, түрлі аудандарды ыстықтан қорғау тәсілдері зерттеліп жатыр. Шіліңгір ыстықтан қорғану үшін ағаш санын көбейтіп, көлеңке түсіретін түрлі құрылымдар орнату, шатыр жабындысына ыстықты аз бөлетін материалдар қолдану стратегиялары қаралуда.

Колумбия климат мектебінің бағалауынша, күннің қатты ысуы бүгінгі таңда АҚШ-тың ғана емес, Жер шарының ширек бөлігіне төніп тұрған мәселе. Осы белдеудегі елдердің ішінде Қазақстан да бар.


Соңғы жаңалықтар