АҚШ-та жыл басынан бері үшінші банк банкрот болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джорджия штатындағы Capitol City Bank & Trust Company мекемесінің қызметі тоқтады, делінген АҚШ-тың Депозиттерді сақтандыру бойынша бірлестігінің (FDIC) баспасөз хабарламасында.

Осылайша, Capitol City Bank & Trust Company 2015 жылдың басынан бері елде жабылған үшінші банк болды.

FDIC-пен арадағы келісім бойынша аталған банктің активтері мен депозиттері Солтүстік Каролина штатындағы First-Citizens Bank & Trust Company қаржы мекемесіне өтеді. Capitol City Bank & Trust активтері өткен жылдың 31 желтоқсанында шамамен 272,3 млн. долларды, ал депозиттерінің көлемі шамамен 262,7 млн. долларды құраған.

Өткен жылы АҚШ-тағы банкрот болғандардың саны 2007 жылдан бергі жылдармен салыстырғанда аз. 2007 жылы небәрі үш банк жойылса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 157 қаржы институтына жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар