АҚШ-та жұмыстан шығарылған жүргізуші әйелдер әрқайсысы 130 мың доллар өтемақы алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд ханзадасының АҚШ-тағы сапары кезінде жалданған, одан кейін, жұмыстан шығарылған үш жүргізуші әйел әрқайсысы 130 мың доллар көлемінде өтемақы алды. Ханзаданың талабы бойынша жүргізушілер тек ер адамдар болуы тиіс.

2010 жылы АҚШ-та емделген ханзадаға қызмет көрсету үшін жалпы алғанда 40 жүргізуші жұмысқа алынған.

Әйелдер жұмысқа кіріскеннен соң екінші күні шығарылды. Олар қызметтен босатылуына жынысы себеп болғанына сендірді, деп жазады Би-би-си.

Сауд Арабиясында әйелдерге көлікті басқаруға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар