АҚШ-та жүк пойызы аударылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айова штатының құрамына кіретін Дун қаласында мұнай таситын жүк пойызы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

32 вагон рельстен шығып кетіп, 900 мың литр шамасында мұнай төгілген. Осының салдарынан жақын аймақтағы су қоймалары ластанды.

Ресми деректерге сәйкес, мамандар төгілген мұнайдың жартысын дер кезінде жинап үлгерген. Қазір жергілікті тұрғындардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл жүк пойызы BNSF Railway компаниясына тиесілі. Ол мұнайды Канададан Оклахома штатындағы ConocoPhillips компаниясына жеткізуі керек болатын.

Соңғы жаңалықтар